26
март
2021
қылмысқа апаратын жолдардан аулақ болу
Бүгін наурыз айының 17-күні Қобызшы Молықбай атындағы мәдениет үйінде мектеп-гимназиямыздың оқушылары Ақсу аудандық полиция бөлімінің бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Айдос Дәулетұлы Қалжатбаймен және Ақсу аудандық ювеналды полициясының аға инспекторы, полиция подполковнигі Нұрлыбекова Қарақатпен кездесті. Кездесудің мақсаты жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алып, аудандағы жасөспірімдер арасындағы қылмыстық ахуалмен таныстыру болды. Алғашқы сөз кезегі Ақсу аудандық ювеналды полициясының аға инспекторы, полиция подполковнигі Нұрлыбекова Қарақат Дәулетқызына берілді. Қарақат Дәулетқызы сөз кезегі барысында ауданымыздағы жасөспірімдердің жасаған қылмыстарының тізбегімен таныстырып өтті. Оқушыларға қылмыс түрлерін айта отырып, олаға итермелейтін жағдаяттарды, себептерді және олардың нәтижелерін, қылмыстан аулақ болу жолдарын ашып көрсетті. Екінші кезекте Ақсу аудандық полиция бөлімінің бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Айдос Дәулетұлы алып, оқушыларға еліміздің құқық қорғаушылық қызметі туралы айтып, қылмыстан, қылмысқа апаратын жолдардан аулақ болуға шақырды. Айдос Дәулетұлы оқушылар үшін, жалпы аудан халқы үшін аудандық полиция бөлімінің әрқашан есігі ашық екенін, талап арыздарын тыңдауға әзір екендігін жеткізді. Сөз соңынан Айдос Дәулетұлы оқушылардан көкейіндегі қоятын сұрақтары бар ма екендігін сұрады. Оқушылар Айдос Дәулетұлына полиция қызметкері болу үшін қандай оқу орнына бару керек екендігі, қандай мамандық иесі болу керек екендігі, қандай спорт түрлерімен айналысу керек екендігі туралы сұрақтарын қойды. Айдос Дәулетұлы полиция алуан түрлі бағыттағы қызметтерді атқаратынын айтып, полиция қызметкері болу үшін негізінен заңгер мамандығын игеру керектігін, спортшы болудың міндетті еместігін, бірақ қызметкердің жақсы физикалық қалыпта болу керектігін, ол үшін медициналық қомиссиядан өтетіндігін айтып, оқушылардың сұрақтарына толық жауап берді. Оқушылар заң қызметкерлерімен кездесіп сұхбаттасқанды ұнатады. Үлкен лауазымды қызметкерлермен кездесу олардың бойында құқықтық жауапкершілікті арттырып, өзіне деген сенімділікті туғызады. Бұл іс-шараның оқушылардың оқушылардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу барысында үлкен орын алатыны сөзсіз.