19
сентябрь
2019
«Ашық есік» күні ұйымдастырылды
Аталған іс-шараға қатысу мақсатында аудандық полиция бөліміне аудан орталығындағы үш мектептің оқушылары барды. Оқушылардың полиция бөліміндегі кездесуі экскурсиядан басталды. Экскурсия ең алғаш полиция бөлімінің қақпасындағы бақылау өткізу пунктіне ұялы телефонын тапсырудан басталды. Одан ары оқушылар полиция бөлімінің кезекшілік бөлімін көріп, оның атқару қызметімен танысты. Ақсу аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция подполковнигі Нұрлыбекова Қарақат Дәулетқызы оқушыларды уақытша қамау бөлімімен, тергеушілер бөлмелерімен, қару жарақ сақтау бөлмелерімен аралатып таныстырып өтті. Экскурсия соңынан оқушылар полиция бөлімінің АКТ залында Ақсу аудандық полиция бөлімінің басшысы Байзолда Әділмұрат Әбілғазыұлымен кездесті. Әділмұрат Әбілғазыұлы оқушыларға ауданымыздың қылмыстық ахуалынан мәліметтер беріп, жасөспірімдер арасында қылмыстың жоқтығын айтып өтті. Ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция подполковнигі Нұрлыбекова Қарақат Дәулетқызы оқушыларды жаман әдеттерден , қылмыстан аулақ болуға шақырды. Оқушылар арасынан Әділмұрат Әбілғазыұлына сұрақтар қойылды. Қойылған сұрақтардан оқушылардың болашақта полицияда қызмет етуге талпынысы бары байқалды. Оқушылардың сұрақтарына Әділмұрат Әбілғазыұлы қанағаттанарлық жауабын беріп, полиция бөлімінде қызмет етуге ұмтылатын оқушылардан көмегін аямайтынын айтты. Аталған іс шараның оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақстында атқарылатын жұмыстарға жатқызылып, үлкен пайда келтіретіні сөзсіз.