15
май
2019
Мектеп-гимназиямызда ақпан айының 20-күні көркемөнерпаздар байқауы өткізілді.
Мектеп-гимназиямызда ақпан айының 20-күні көркемөнерпаздар байқауы өткізілді. Байқауға бақылаушы болып аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері мен И.Исабаев атындағы өнер мектебінің директоры Досқали Молдағалиұлы келді. Мектеп-гимназия мұғалімдері тұтастай бір ұжым болып хормен Н.Алғашбаевтың "Тәуелсіздік күні" атты өлеңін айтты. Концерт бағдардамасында жеке ән, терме, дәстүрлі ән, вокал, дуэт, театрландырылған көрініс сияқты жанрлар болды. Байқаудың бақылаушылары мектеп-гимназия ұжымына өз алғысын білдірді. Осымен үш жыл қатарынан көркемөнерпаздар байқауында мектеп-гимназиямыз бірінші орынды алып келеді. Осы жылы да сарапшылардың айтуынша "Бас жүлдеден " үміткерлерідің қатарынан көрініп отырмыз.