16
апрель
2021
мектеп-гимназиямыздың 8-10 сынып оқушыларының ата аналары қашықтықтан ZOOM платформасы арқылы Ақсу аудандық полиция бөлімінің бастығының міндетін атқа
Сәуір айының 14-күні мектеп-гимназиямыздың 8-10 сынып оқушыларының ата аналары қашықтықтан ZOOM платформасы арқылы Ақсу аудандық полиция бөлімінің бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Айдос Дәулетұлы Қалжатбаймен және Ақсу аудандық ювеналды полициясының аға инспекторы, полиция подполковнигі Нұрлыбекова Қарақатпен онлайн кездесті. Кездесудің мақсаты: ата аналардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жүргізіп, ата аналарды түрлі қылмыс түрлерімен балаларын сақтандыру мақсатында таныстыру болды. Ақсу аудандық полиция бөлімінің бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Айдос Дәулетұлы сөз барысында алдымен ата аналармен өзін таныстырып, бірінші кезекте қазақ халқының бала тәрбиесіне келгендегі даналығына, тәжірибелігіне тоқталды. Шынайы дәстүрді бойына сіңірген баланың тәртіпсіздік пен қылмысқа бармайтынын, қылмысқа баратын балалар көбінесе ата –анасының тәрбиесін көрмеген отбасынан шығатынын айтып сақтандырды. Және де сөз барысында ата аналарға ауданымыздың полиция бөлімінің қызметі туралы айтып, балаларын қылмыстан, қылмысқа апаратын жолдардан аулақ болуға тәрбиелеуге шақырды. Сөз соңынан Айдос Дәулетұлы ата аналардан көкейіндегі қойатын сұрақтары бар ма екендігін сұрады. Ата -аналар Айдос Дәулетұлына полиция қызметкері болу үшін қандай оқу орнына бару керек екендігін, қандай мамандық иесі болу керек екендігі туралы сұрақтарын қойды. Айдос Дәулетұлы жауап ретінде еліміздің Қарағанды және Алматы қалаларындағы полиция академиялары туралы мәліметтер берді. Оқушының физикалық нормативтер тапсыратынын, медициналық комиссиядан өтетіндігін, оқу кезінде және оқу аяқталған соң қандай жеңілдіктер болатындығы туралы айтып , толыққанды жауабын берді. Ата-аналарды сондай-ақ ауданымыздағы жасалатын қылмыс түрлері, жасөспірімдер арасындағы орын алған қылмыс түрлері туралы мәселе толғандыратыны келесі кезекте қойылған сұрақтардан байқалды. Бірақ Айдос Дәулетұлы ауданымыздағы қылмыс түрлеріне қысқаша тоқталып өтіп, ол қылмыстардың жасөспірімдермен жасалмағанын және де жасөспірімдерге қарсы қылмыс жасалмағанын айтып, ата-аналардың уайымдамауын сұрады.